Порталға кіру X

Оқушыны қабылдау реті

1. Біздің орталыққа келердің алдында біздің байланыс орталығымызға хабарласыңыз. Біздің менеджер сізбен және балаңызбен кездесетін уақытты белгілеп, сізге мәлімдейді. Байланыс орталығымыздың номері: 8 777 7044551

2. Кездесуге келген уақытта біздің менеджер сізбен және балаңызбен жақынырақ танысып, сізге «оқушы анкетасын» толтыруға береді. Оқушы анкетасында оқушы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Оқушы анкетасын осы жерден жүктеп, алдын ала толтырып келсеңіз болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеуге септігін тигізеді.

3. Содан кейін оқушыға пән бойынша білім деңгейін анықтау үшін «Кіріспе бақылау» бақылауы беріледі. Бақылау есептері 5-11 сынып арасындағы математика пәнінен өткен тақырыптарды қамтиды. Бақылаудың қиындық деңгейі – «орташа».

Осы бақылауға сәйкес оқушының білім деңгейі анықталып, өзінің деңгейіне сәйкес топ таңдалынады.

4. Менеджер сабақ кестесін сізге мәлімдеп, сізге оқу жайлы қосымша ақпарат береді

ЖОО дейінгі дайындық X