Порталға кіру X

"Altyn Bilim"

Оқу орталығы

    «Altyn Bilim» оқу орталығы – 9-10 сынып мектеп оқушыларын Математика, Физика және Химия пәндерінен және мектеп бітіруші оқушыларды Математика, Физика және Химия пәндері бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге (ҰБТ) сапалы дайындайтын оқу мекемесі.

Орталық 2012 жылы құрылған және содан бері орталықта 700-ден аса оқушы білім алған.

Altyn Bilim-де оқыту 2 бағытта жүзеге асады:
• ҰБТ-ға дайындық
• Оқушыларды мектеп бағдарламасы бойынша дайындау

Біздің оқытушылар:
• ҰБТ-дан жоғары балл иелері
• Физика-математика мектептерінің үздік түлектері
• Математика және Физика пәндері бойынша аудандық, қалалық және республикалық олимпиадалар жүлдегерлері.

Оқыту жүйеміз:
Біздің орталықта оқушы тиімді және сапалы білім алуы үшін арнайы өзіміздің оқыту жүйесі жасалған. Әр оқу бағыты үшін арнайы оқу жоспарымыз құрастырылған. Сол жоспарға сәйкес қазіргі мектеп бағдарламасы және ҰБТ-ның жаңа форматына арналған есептерді жинау арқылы сынып және үй жұмыстары қарастырылған.

Біздің мақсат – оқушыларға САПАЛЫ БІЛІМ беру арқылы жоғары оқу орындарына түсулеріне үлес қосу және білімге, оқуға деген құштарлықты арттыратын орта құру.

Біздің құндылық – біздің оқытушылар, оқу әдістемесі, ата-аналардың және оқушылардың бізге сенімі.

Біздің оқытушылардың тәжірибесі, арнайы дайындалған оқыту әдістемеміз және Сіздің оқуға деген құлшынысыңыз математика және физика пәндерінен сапалы білім алып, ҰБТ-ны сәтті тапсыруға жол ашады.

Білім шыңына БІЗБЕН БІРГЕ, ДОСТАРЫМ!

ЖОО дейінгі дайындық X